24.11.2021 _ 15:50

Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасына бірқатар түзетулер енгізіледі – Б.Качаков

Министрлік тұрақты негізде тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіріп отырады. Реформаның іске асырылуын талдау негізінде тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасына бірқатар түзетулер әзірленді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков онда қандай мәселелер қамтылғаны жайлы айтып берді.

«Біріншіден, дауыс беру рәсімін жеңілдету үшін өзгерістер енгізіледі. Бұл жазбаша сауалнаманы іске қосу мүмкіндігі, жиналыс міндетті түрде келу форматында өткізілмейді. Бұрын жиналысқа екі аптаға дейін уақыт кететін. Ірі көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өтініштері бойынша жазбаша сауалнама жүргізу мерзімі 1 айдан 2 айға дейін ұлғайтылды. 

Сондай-ақ электрондық форматта хаттамаларға қол қоюдың техникалық тәсілдері кеңейтілуде. Егер бұрын бұл тек ЭЦҚ болса, енді меншік иесін міндетті түрде сәйкестендіре отырып, СМС, бейнеконференцбайланыс және өзге де тәсілдерді пайдалануға болады. Екіншіден, ұйымдастыру мәселелері бойынша түзетулер енгізіледі. МИБ төрағасын жиналыста тек меншік иелері арасынан таңдауға болады. Сонымен қатар, егер тұрғындардың ешқайсысы Төраға болғысы келмесе, онда тұрғылықты жері бойынша тіркелген және осы КПТҮ-де тұрақты тұратын пәтер иесінің отбасы мүшелерінің бірінің кандидатурасын ұсынуға болады. Бұл ерлі-зайыптылар, балалар, ерлі-зайыптылардың ата-аналары. Аталған түзетулер ҚР Парламентіне жолданды», - деді спикер. 


Үшінші және маңызды түзетулердің бірі - «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске құрылыс салушылар мен жаңадан құрылған МИБтің ескі басқару органдарынан қаржылық, техникалық және өзге де құжаттарды бермеу жағдайларының жиілеп кетуі бойынша толықтырулар енгізу. Егер бұрын МИБ берілмесе, сотқа жүгінуге мәжбүр болса, енді айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл түзетуді жұмыс тобы Әділет министрлігінде мақұлдады және мемлекеттік органдарда келісуде. 


Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары өзге де проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленіп жатқандығын атап өтті. Оның ішінде, қарапайым серіктестіктер нысанын таңдау үшін КПТҮ-дегі пәтерлер санын шектеу мүмкіндігі; заңды тұлғаны тіркеместен ЖС үшін Мемлекеттік кірістер органдарында БСН алу мүмкіндігі; жай серіктестік үшін салық жағдайларын жеңілдету қарастырылуда.