«Біз түзетулер енгізіп жатырмыз, оларды Әділет министрлігі қолдады, қазір мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізіледі, яғни КПТК-нің қаржылық, техникалық құжаттамасын ұсынбағаны үшін жауапкершілік қарастырылады. Егер құрылысшы МИБ тіркелгеннен кейін 30 күн ішінде құжаттарды тапсырмаса, онда айыппұл салынады. Сондай-ақ, егер олар тиісті құжаттарды тапсырмаса, ескі басқару органына жауапкершілік жүктеледі», - деді спкиер.
Құрылыс салушылар үшін айыппұл сомасы - жеке тұлғалар үшін 100 АЕК, шағын кәсіпкерлік үшін – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік үшін – 1000 АЕК мөлшерінде қарастырылған. Ал ПИК-тер 50 АЕК – жеке тұлғалар, 100 АЕК- заңды тұлғалар төлейді.