25.11.2021 _ 14:10

Нарықты жергілікті тауар өндірушілердің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 139 млрд теңгелік 54 жоба жүзеге асырылады – Маңғыстау облысының әкімі

Мемлекет басшысы жолдауында ең алдымен, азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оны бөліп-таратудың тиімсіз жүргізілуіне ерекше ден қойды. Маңғыстау облысында қажет тауарлардың 80% көрші елдерден импортталады. Өңір өзін-өзі 20% деңгейінде ғана қамтамасыз етіп отыр. Осыны ескере отырып, азық-түлік тауарлары бағасының себепсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қоры жасалды, оған 2,3 млрд теңге, бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс басшысы Нұрлан Ноғай хабарлады.
Нарықты жергілікті тауар өндірушілердің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 139 млрд теңгелік 54 жоба жүзеге асырылады – Маңғыстау облысының әкімі иллюстративное фото с сайта podrobno.ru

«Қазіргі уақытта өңірлік тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 17 түрі бойынша 5 200 тонна қоры сақталуда. Қажет болған жағдайда ол нарыққа шығарылып, интервенция жасап, бағаның өспеуін толықтай қамтамасыз ете аламыз. Сонымен қатар, азық-түлік бағаларын төмендету және ұстап тұру үшін облыстағы барлық сауда желілерімен бағаны 40 меморандумға қол қойылып, 125 сауда орнында қолжетімді бағамен сатылатын «әлеуметтік бұрыш» жобасы іске қосылды. Сондай-ақ, өңір нарығын жергілікті тауар өндірушілердің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 139 млрд теңге сомасына 54 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жылыжайлар салу бар», - деді өңір әкімі.  


Бұдан басқа, мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақтау қаласында коммуналдық базар мен көтерме тарату орталығының құрылысы жоспарланған.