29.11.2021 _ 15:40

Қарағанды облысында иммундаумен жалпы қамту 44,8% құрап отыр

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Соңғы айда облыс бойынша ковид ауруы 2,3 есе азайды. Қараша айында вирус жұқтырғандар саны тұрақты. Соған байланысты ауруханалардағы инфекциялық орындардың жүктемесі 35% -дан 22,9% -ға дейін қысқарды.
Қарағанды облысында иммундаумен жалпы қамту 44,8% құрап отыр

«Коронавируспен ауыру азая бастаса да, біз пандемияның жаңа толқыны жағдайына әрқашан дайын боламыз. Резервте 44 стационар мен 8 мыңнан астам медицина қызметкері бар инфрақұрылымның дайындығы қамтамасыз етілді. Бұл ретте жоспарлы медициналық көмекті толық көлемде көрсету сақталады. Коронавирусқа қарсы жаппай иммундау жалғасуда. Ол үшін облыста жеткілікті мөлшерде вакциналық препараттардың жеткілікті ассортименті бар. 29 қарашадағы жағдай бойынша өңірде иммундаумен жалпы қамту 44,8% құрап отыр. Облыста екі аптадан бері жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді және бала емізетін әйелдерді Файзер вакцинасымен егу жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді өңір әкімі.