29.11.2021 _ 15:50

Қарағанды облысы Тұрғын үй құрылысы бойынша тарихи максимумға жетті-Ж. Қасымбек

Ағымдағы жылғы 10 айдың қорытындылары бойынша экономиканың барлық негізгі салалары бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баяндама жасаған өңір басшысы Жеңіс Қасымбек хабарлады.
иллюстративное фото с сайта gov.kz

«Өнеркәсіп өндірісі 0,1% -ға өсіп, 3,4 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде, қара металлургияда - 12,4% -ға, жеңіл өнеркәсіпте - 11,9% -ға, фармацевтикада - 5,8 есеге өсті. Бүгінде өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны тәуелсіздіктің барлық жылдары ішіндегі рекордтық көрсеткіш болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25% -ға артық. 2 600-ден астам отбасы мемлекеттік арендалық және кредиттік тұрғын үй алады», - деді облыс басшысы.