29.11.2021 _ 16:20

Моноқалалардың өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі 30% асады - Қарағанды облысының әкімі

Шағын және орта бизнес секторында Қарағанды облысының әрбір үшінші тұрғыны жұмыс істейді. 10 ай ішінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 5,3% - ға өсті. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 116,4 млрд теңгеге 3,7 мыңнан астам жоба қаржылық қолдау алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтке брифингте өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Жыл соңына дейін 700-ге жуық жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

«Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру үшін, әсіресе моноқалалар мен шалғай өңірлердің кәсіпкерлері үшін «Атамекен Қарағанды» МҚҰ іске қосылды. Ол үшін бюджет қаражатын және қала құраушы кәсіпорындардың қаражатын тартамыз. Мемлекет басшысының моноқалалардағы ШОБ-ты 5% жеңілдікпен қаржыландыру туралы тапсырмасы қала құраушы кәсіпорындарға тәуелсіз кәсіпкерліктің жаңа салаларын ашуға қосымша серпін береді. Осындай салалардың бірі Балқаш аймағы мен Жезқазған өңіріндегі туризм болды. Балқашта инженерлік коммуникациялар жүргізіліп, сервистік инфрақұрылым салынуда. Ұлытау ауданында «Жошы хан» кесенесіне жақын жерде визит-орталық пен кешеннің құрылысы аяқталды», - деді өңір басшысы.  


Жалпы, жыл басынан бері Жұмыспен қамту органдары арқылы 31 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Жұмыссыздық деңгейі 4,5% деңгейінде сақталды.