02.12.2021 _ 16:00

Жыл соңына дейін кезекте тұрғандар үшін тағы 707 пәтер салынады — Ғ. Есқалиев

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ШОБ-ты қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қолданылуын 2023 жылға дейін ұзартты. Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламалар аясында Батыс Қазақстан облысында 36 млрд теңгеге 1300-ден астам жоба қолдау тапты. 700-ге жуық жұмыс орны ашылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

Оның айтуынша, аталған жобалар бойынша мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 3,8 млрд теңгені құрады. Өңірде тұрғын үй құрылысы да белсенді дамып келеді.


«30 жыл ішінде 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. 53 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Биылғы жылдың 10 айында 418 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылмен салыстырғанда өсім 5% - ды құрайды. Кезекте тұрғандарға 665 пәтер берілді. Жыл соңына дейін кезекте тұрғандар үшін тағы 707 пәтер салынады. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 200 отбасы пәтер алды, тағы 60 отбасы құжаттарын рәсімдеуде. Кезекте тұрған 66 азамат пәтер үшін бастапқы жарна түрінде мемлекеттік тұрғын үй сертификатын алды»,- деді спикер.