02.12.2021 _ 16:10

Екі жыл ішінде медициналық қызметтер мен операциялардың 20-ға жуық жаңа түрі енгізілді — БҚО әкімі пандемия кезінде денсаулық сақтауды дамыту туралы

Пандемия кезеңінде біз аурудың жоғары деңгейінде жағдайды тұрақтандыруға қол жеткіздік. Қабылданып жатқан шаралар есебінен біз "жасыл" аймақта тұрмыз. Бұл туралы ОКҚ брифингінде БҚО басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді. Ал медициналық қызметтер қол жетімді болды.

«Пандемия кезінде облыс тұрғындарына басқа өңірлерге емделуге бару қиынға соқты, сондықтан біз медициналық қызметтер импортына талдау жасадық және екі жыл ішінде медициналық қызметтер мен операциялардың 20-ға жуық жаңа түрін енгіздік. Бұл облыс тұрғындарына жүрек, омыртқа, көру қабілетін лазерлік түзету, тері трансплантациясы және т.б. операциялар бойынша білікті көмек алуға мүмкіндік береді»,- деді спикер.  


Тәуелсіздік жылдарында облыста заманауи онкодиспансер, 8 емхана, 20 аурухана және 80 медпункт салынды.