02.12.2021 _ 16:20

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша БҚО-да 2025 жылға дейін 77 жаңа мектеп салынады

Мемлекет басшысының 1000 мектеп салу туралы тапсырмасы бойынша БҚО жоспарына 2025 жылға дейін 77 білім беру нысанын салу енгізілді. Бұл туралы аймақ басшысы Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
иллюстративное фото с сайта inform.kz


Әкімнің айтуынша, қаладағы мектептер мәселесін шешуге жеке инвесторлар тартуды көздеп отыр. Күні бүгінге Орал қаласында жеке инвесторлар 2 мектеп салып жатыр. Сонымен бірге, республикалық физика-математика мектебінің филиалы мен «125 Highschool» жеке мектебі ашылды.


«Ауылдағы мектептерді бюджет қаражаты мен жеке инвесторлар арқылы шешетін боламыз. Ол үшін 60 және 108 орындық мектептердің жобалары дайындалды», - дейді өңір басшысы.
Жалпы тәуелсіздік жылдары БҚО-да 70 мектеп және 20 балабақша салынып, 107 жеке балабақша ашылған.