06.12.2021 _ 15:40

Қазақстан – Жерді қашықтықтан зондтаудың өзіндік ғарыш жүйелері бар Орталық Азия өңіріндегі елдердің бірі – Аэроғарыш комитетінің төрағасы

Бүгінгі таңда Қазақстан орбитада 6 отандық спутникті сәтті пайдаланылып отыр, оның ішінде Жерді қашықтықтан зондтаудың 3 спутнигі бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді.


Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі екі ғарыш аппаратынан тұрады. Айыру қабілеті жоғары жерсерік – «KazEOSat-1» қалалық ортадағы, сондай-ақ қорғаныс мақсаттарындағы объектілер мен өзгерістерді анықтау үшін егжей-тегжейлі түсірілім жүргізуге мүмкіндік береді. «KazEOSat-2» айыру қабілеті орташа жерсерігі кең аумақтарға мониторинг жүргізуге және ауыл шаруашылығы алқаптары, табиғи ресурстар және т.б. сияқты алаңдық объектілердің жай-күйін тіркеуге арналған, сондай-ақ қазақстандық мамандар құрған технологиялық мақсаттағы «KazSTSat» айыру қабілеті орташа жерсерігі бар ғарыш жүйесі құрылды. 


«Мемлекеттік органдар техникалық тапсырмаларды Аэроғарыштық комитет арқылы ұлттық оператор – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық мониторинг жүргізу үшін жібереді. Біз бірінші кезеңде ғарыштық түсірілімді қазақстандық, сондай-ақ шетелдік аппараттардың көмегімен жүргіземіз. 
Екінші кезеңде далалық зерттеулермен суреттерді тақырыптық өңдеу жүргізіледі. Бұдан әрі «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (МЖК ААЖ), «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АЖБ) сияқты ведомстволық ақпараттық деректер базасымен біріктіріледі. Нәтижесінде, түрлі салалар бойынша аналитикалық ақпарат ұсынылған цифрлық карталар жасалады. Үшінші кезеңде барлық ақпарат геопорталға орналастырылады. Осылайша, мемлекеттік органдар бұл ақпаратты интернет арқылы ала алады», - деп атап өтті спикер.