06.12.2021 _ 16:20

Жерді өз бетінше басып алуды мониторингтеу. Ғарыштан МЖК ААЖ деректер базасында 391 мың тіркелмеген учаске анықталды

2016 жылдан бері Бас прокуратурамен бірлесіп жер ресурстарын өз бетінше басып алуға мониторинг жүргізілуде. Мониторинг облыстық және республикалық маңызы бар 20 қалада, шамамен 50 км буферлік аймақ аумағында жүзеге асырылады. Жүздеген елді мекен зерттелді, жүздеген мың бұзушылық анықталды. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді.

«Мониторингпен 531 елді мекен қамтылып, онда 391 мың учаскенің МЖК ААЖ деректер базасында тіркелмегені анықталды. Мониторинг қалай жүргізіледі? Біз базада кадастрлық деректерді қараймыз, ажыратымдылығы жоғары және аса жоғары ғарыштық суреттерді көреміз, ғимараттар көріне бастайды, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, бірақ бұл жерлер кадастрлық деректер базасында жоқ және олардың мақсаты өзгертілмеген. Сондай-ақ, бұл деректерді кеш енгізуі мүмкін немесе бұл ықтимал бұзушылықтар, біз бұл деректерді Бас прокуратураға жолдаймыз», - деді спикер.