06.12.2021 _ 16:30

Іріктеледі, бірақ тиімді. Аэроғарыш комитетінің басшысы Қазақстандағы зондтау принципі туралы айтып берді

Мониторингтеудің кейбір түрлері бойынша еліміздің бүкіл аумағы, ал кейбір міндеттер бойынша белгілі бір бөліктер ғана қамтылады деп айттыңыз. Бұл неге байланысты? Неліктен барлық міндеттер аумақты түгел қамтымайды? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аэроғарыш комитетінің төрағасынан сұрады. Баубек Оралмағамбетов бұл әуелден солай ойластырылғанын жеткізді.

«Егер спутниктер туралы айтар болсақ, кейбір тапсырмалар бойынша ажыратымдылығы жоғары суреттер қажет, ал процестің физикасы келесідей: сурет неғұрлым дәл болса, түсірілімнің ауқымы соғұрлым шектеулі болады. Егер ажыратымдылығы 1 метр болатындай түсіретін KazEOSat-1 тоқталсақ, онда түсіру жолағы 20 км, егер 6,5 метр болса, 77, ал 16 метр – шамамен 250 км. Осылайша, егер бүкіл аумақты жоғары ажыратымдылықпен түсірсек, біріншіден, біздің спутниктерімізде техникалық мүмкіндіктер жоқ, ал шетелден сатып алсақ - бұл өте қымбат. Осыны негізге ала отырып, мынадай тәсіл таңдалды: біздің ЖҚЗ ғарыш жүйесінің қолда бар қуаттарын неғұрлым тиімді пайдалану», - деп түсіндірді спикер.