07.12.2021 _ 11:40

Президенттің қолдауының арқасында Жамбыл облысында дамудың оң динамикасы сақталуда

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды тиімді іске асырудың арқасында биыл өңірде 11 айда экономиканың даму қарқыны 104,9 % құрады. Өңірдегі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылғы көрсеткіштерден және республиканың орта көрсеткішінен де жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

 «Экономиканың дамуы тартылған инвестицияға байланысты. Есепті кезеңде облыс экономикасына 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Нәтижесінде, кәсіпорындар 530 млрд теңгенің өнімін шығарды. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 1,5% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі жұмыссыздар санын көбейтпеу. Облыста жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Келесі мәселе - бағаның өсуіне жол бермеу.  
Бюджетті игеру көрсеткіші 98,9%», - деді спикер. 

Облыс әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін берілген қаржы 99,9% игеріледі.