07.12.2021 _ 12:40

Қордайдағы жағдай тұрақты – Б.Сапарбаев

Былтыр Қордайда орын алған оқиғадан кейін мемлекет басшысының тапсырмасымен «Бейбітшілік пен келісім жобасы» қолға алынды. Оны билік, прокуратура, басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құрылған үш топ жүзеге асырды. Олар 7 ауданда, әсіресе өзге ұлт өкілдері көп тұратын елді мекенде 100 аса іс-шара өткізді, оларға 40 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев журналистің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта liter.kz

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Қордайда зардап шеккен 153 нысан қалпына келтірілді. Оның ішінде, үйлер де, коммерциялық нысандар да бар. Жобаның негізгі міндеті – жалпы ел саясатын түсіндіру, көмекті, қолдауды қажет ететін отбасыларға қол ұшын созу, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және Қордайда болған оқиғаны жергілікті тұрғындарға айтып, ұлтаралық қарым-қатынасты, достықты нығайту. Қазіргі кезде жағдай тұрақты. Екі ай бұрын қоғамдық келісім министрлігімен бірлесе отырып, «Этносарлық қарым-қатынас. Қазіргі жағдай. Болашақ» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылды. Оған АҚШ, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен мамандар, ғалымдар қатысты. Шара қорытындысы бойынша қарар қабылданды», - деді спикер өз жауабында.