08.12.2021 _ 12:20

Биыл Алматыда 190 мыңнан астам көшет отырғызылады

Алматыда экологиялық ахуалды жақсарту үшін келесі жылдан бастап 2-ші Жылу электр орталығын газға көшіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады.

Мемлекет басшысының жақында Алматыға жасаған жұмыс сапары кезінде капсула салынды.  Президент айтып өткендей жаңа қондырғының салынуы Алматының бүкіл энергия кешенін кең ауқымда жаңартуды бастауға мүмкіндік береді.  

«2-ші Жылу электр орталығын жаңғырту зиянды заттардың көлемін 7,5 есе азайтады. Қазірдің өзінде 15 экопост орнатылды, жыл соңына дейін тағы 4-еуі кезекпен орнатылады. Барлық посттар өлшеу құралдарымен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы 3 жылжымалы экопост пен зертхананы іске қосылады.  Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 3 жылда 1 млн ағаш отырғызу жөніндегі «Жасыл Алматы» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. Қазірдің өзінде 570 мың түрлі көшет отырғызылды. Жыл соңына дейін 190 мыңнан астам көшет отырғызу көзделген», - деді қала басшысы.