09.12.2021 _ 12:30

Шымкентте пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 1 миллион шаршы метрге жеткізу жоспарланған

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1,6 млн ш м құрайтын 14 551 пәтерлі 275 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жоспар бойынша биыл 6 503 пәтерлі 114 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осының есебінен қалада жалпы пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 1 миллион шаршы метрге жеткізу көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала басшысы Мұрат Әйтенов хабарлады.

«Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 400 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 11 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу, 25 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, Шымкент   қаласында   көпқабатты   тұрғын   үйлердің 96 пайызында «Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесі енгізілді. Бекітілген Жол картаға сәйкес жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу көзделген», - деді әкім.