22.12.2021 _ 12:50

Спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 13,2% құрады

Бүгінгі таңда министрлік әзірлеген Жоспар-кесте жобасына 233 спорт нысаны енгізілген, оның ішінде 199 жаңа объекті құрылысы, 28-і қайта жаңартылып, жаңғыртылады, 6-ы толық жарақтандырылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 590 жабық спорт кешені бар, оның 125-і мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін дене шынықтырумен және спортпен айналысуға бейімделген. Нәтижесінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 13,2% құрады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәліметтерді жария етті.
иллюстративное фото с сайта inva.kz


«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында  спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен салу арқылы бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдар спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеті төмен спорт құрылыстары мен тегіс ғимараттар салу арқылы жабық спорт объектілеріне, оның ішінде ауылдық елді мекендердегі спорт объектілеріне қажеттілікті азайту жөнінде қосымша шаралар қабылдайтын болады. Олардың мазмұны жергілікті бюджеттерге ауыртпалық түсірмейді. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді талап етпейтін спорттық өзек түріндегі жазықтық құрылыстың эскиздік жобасы әзірленді және оған ашық футбол алаңы, баскетбол мен волейболға арналған аралас алаңдар, бастауыш сыныптарға арналған спорттық-дамыту алаңдары, гимнастикалық алаңдар, ұзындыққа секіруге арналған орындар, үстел теннисіне арналған алаңдар, шағын футбол алаңдары кіреді. Спорт ғимараттарына қажеттілікті азайту дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесін 2025 жылы 31-ден 50% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді А.Райымқұлова. 


Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында басталған 100 Дене шынықтыру-сауықтыру кешеннің құрылысы аяқталуда.