22.12.2021 _ 14:20

27 желтоқсаннан бастап БЗТ есебінен жекешелендіру және сатып алу-сату шарттарын ішінара төлеу мүмкіндігі пайда болады - Отбасы банкі

Алдағы дүйсенбіден бастап жекешелендіру және сатып алу-сату шарттары бойынша бөліп төлеу функциясы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
27 желтоқсаннан бастап БЗТ есебінен жекешелендіру және сатып алу-сату шарттарын ішінара төлеу мүмкіндігі пайда болады - Отбасы банкі


Оның айтуынша, қазір соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде.  


«Ереженің бұрынғы редакциясында жекешелендіру және бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату келісімшарттары бойынша өз ақшаларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған болатын, бірақ тек толық төлем жасау қажет болды. Яғни, егер 18 млн теңгелік келісім-шарт болып, қалдық 16 млн теңгені құраса, 16 млн теңгені түгел өтеу қажет болды, сонда ол мақсатты пайдалану болып саналды. Салымшылардың әлеуметтік желілердегі, БАҚ-тағы көптеген өтініштері бойынша ішінара өтеуге рұқсат беру туралы ұсыныс енгізілді. Енді бұл мүмкін болды. Қазіргі кезде автоматтандыру және онлайн режимде жұмыс істеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл мақсат 27 желтоқсанда іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Жекешелендіру немесе тұрғын үй сатып алу-сату келісімшарттары бар барлық адамдар төлемді бөліп төлей отырып, аз мөлшерде ішінара осы мақсатқа пайдалана алады», - деді Ибрагимова.  


Сондай-ақ ол пайдаланылған қаражаттың мақсатын растау мерзімі 45 жұмыс күнінен 20 күнге дейін қысқартылғанын еске салды.