22.12.2021 _ 16:00

Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту үшін ІІМ пенитенциарлық жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жол картасы әзірленді және бекітілді

Жол картасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде барлық халықаралық стандарттарға сай келетін 20 жаңа мекеме салу көзделген. Бастапқы кезеңде 2022-2024 жылдары Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында төрт мекеме салу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.
Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту үшін ІІМ пенитенциарлық жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жол картасы әзірленді және бекітілді

Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралар іске асырылуда.  

«Өткен жылы қылмыстық заңнаманы жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша заң шеңберінде сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілді. Үкімет қаулысымен бекітілген адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау, азаптаудың және қатыгездіктің алдын алу саласында адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы әзірленді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оның құрамына ҮЕҰ өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар кірді. Олар Нельсон Манделаның ережелерін ұлттық заңнамаға имплементациялауға талдау жүргізді, құқықтық актілерді өзгерту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі, олар да жақын арада іске асырылатын болады», - деп хабарлады спикер.  


Бұл ережелер БҰҰ мақұлдаған тұтқындарға қатысты ең төменгі стандарттарды анықтайды.