27.12.2021 _ 12:20

ПЖКР алынғандар жұмыспен қамтылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлер саны қысқартылады. 1 қаңтардан бастап осындай оңтайландыру жүргізілетін кезде Президенттік жастар кадр резервіне қыблданған 50 адам жұмыссыз қалмай ма? Олардың жұмыспен қамтылатынына нақты кепілдік бар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымыы Анар Жайылғанованың айтуынша, резервшілерге қолдау көрсетіледі.
ПЖКР алынғандар жұмыспен қамтылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

«Биыл мемлекеттік қызметкерлердің 10%, келесі жылы 15% қысқартылады. Бұл шара 50 резервшіге ешқандай әсерін тигізбейді, олар жұмысқа қабылданады. Олар үздік шыққандар. Оларға жұмыс табылады. Резервшілердің ішіндегі жігіттердің барлығы қандай аймаққа жіберсе де, баруға дайынмын деп жауап берді. Біз үшін ең бастысы, оның біліктілігі. Мұндай адамдар бізге керек. Олар жұмыс істеуге дайын. Біз оларды қолдаймыз», - деді агентік төрайымы.  


Оның мәліметінше, бұған дейін іріктелген мамандардың 63% жұмыспен қамтылды. Қалғаны өз жұмысы болғандықтан, ұсынылған қызметтерден бас тартты. Олардың резервте болу мерзімі 5 жыл. Әлі де уақыт бар. Олармен жұмыс жүргізілуде.