28.12.2021 _ 12:30

Жаңартылатын энергия көздері –бұл тренд. 2030 жылға қарай олардың үлесі 15% жетеді

Дамудың ұзақ мерзімді трендтерін талдау көміртексіз энергия көздеріне деген сұраныс артып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстанның энергетикалық кешенін дамыту векторларының бірі соңғы жылдар ішінде жаңартылатын энергия көздері болып табылады. Энергетика министрі Мағзум Мырзағалиевтің айтуынша, биыл 19 нысан іске қосылды. Олардың жалпы қуаты 392 МВт, шамамен 400 млн доллар инвестиция тартылды.
Жаңартылатын энергия көздері –бұл тренд. 2030 жылға қарай олардың үлесі 15% жетеді иллюстративное фото с сайта profile.ru

«ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының көлемі биыл 4,2 млрд кВт/сағ құрайды немесе елдің энергетикалық балансындағы үлесі туралы айтатын болсақ, 3,7% деңгейінде. 2030 жылға қарай Президенттің тапсырмасы бойынша жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15% дейін арттыру күтілуде. Индикаторға қол жеткізу үшін инвестициялардың жалпы көлемі 3 трлн теңгеден асатын шамамен 7 ГВт жаңа қуаттарды қосымша енгізу қажет болады», - деді ведомство басшысы.