29.12.2021 _ 11:50

Байланысты бейнетіркеу. Әділет министрлігі сот орындаушыларының жұмысын ашық етеді

Сот орындаушыларының жұмысын цифрландыру атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйесі (АӨО ААЖ) арқылы жүзеге асырылады. 2017 жылдан бері ол жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының сенімгерлік басқаруында. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгісі туралы Әділет министрі Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтып берді.
иллюстративное фото с сайта newtimes.kz

 
Ең бастысы, Палата жүйені дамыту шығындарын өз бетінше қаржыландырады. Осылайша, АӨО ААЖ бюджет ақшасын талап етпейтін елдегі алғашқы мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады. Жүйе ЖСО-ның интернет желісі арқылы халықпен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. 

«Сот орындаушысына бармай-ақ қойылған шектеулерді тексеруге болады, сондай-ақ онлайн барлық қарыздарды төлеуге болады. Бұл жағдайда барлық шектеулер 30 минут ішінде алынып тасталады. Сондай-ақ, сот орындаушылары борышкерлермен байланыста болған кезде олардың әрекеттерін бейнетіркеуді қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл функция қазір әзірлену үстінде. Соның арқасында сот орындаушыларының қызметі ашық болады, сондай-ақ көптеген құжаттар жедел ресімделіп, ақпараттық жүйеге жүктеледі», - деді министр.