«Жүйе «Е-қылмыстық іс» және «Төрелік» сотымен біріктірілген. Бұл тергеушілер мен судьяларға кеңседен шықпай-ақ сараптама тағайындауға мүмкіндік берді және сот сарапшыларына қаулыны әкелудің қажеті болмайды. Сондай-ақ, жүйе сараптама жүргізу барысын оның барлық сатыларында тұрақты бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл артықшылықтар іс жүргізу шешімдерін қабылдау мерзіміне әсер етті, нәтижесінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша өндірістің қысқаруына әкелді», - деп түйіндеді ведомство басшысы.