08.01.2022 _ 12:39

ҚР ИИДМ: Тәртіпсіздіктер кезінде теміржол инфрақұрылымы насынадарына залал келтірілген жоқ

Бұған дейін хабарлағандай, еліміздегі жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді. Қазіргі таңда теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалына сұраныш күрт арты. Осылайша, жолаушылар пойыздарының толуы тоқсан пайыздан асты. Сондықтан, «ҚТЖ ҰК» АҚ қосымша пойыздар шығара бастады.
ҚР ИИДМ: Тәртіпсіздіктер кезінде теміржол инфрақұрылымы насынадарына залал келтірілген жоқ Иллюстративное фото с сайта inbusiness.kz

7 қантарда «ҚТЖ ҰК» АҚ теміржол билеттерін bilet.railways.kz және kaspi.kz қосымшасы арқылы интернеттсіз алу мүмкіндігін ұсынды. Бұл вокзалдардағы билет кассаларының алдында ұзын сонар кезектің болмауына оң ықпал етті. Сонымен қатар, жоғарда аталған сайт пен қосымша арқылы билеттердің бар жоқтығы туралы ақпарат алуға болады.

15 мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандары бүлінбей, толықтай сақталып қалғаның атап өту қажет. Стратегиялық маңызды нысандарға залал келтірілмеген. Тәртіпсіздіктер кезінде компанияның су, жылу, электро және байланыс қызметтерімен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелері мен вокзал шаруашылығы  жұмыс істеуде.