08.01.2022 _ 16:04

ҚР ҚМ: Төтенше жағдайда онлайн бақылау-касса машинасының жұмысы туралы

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде және интернет желісі істен шыққанда кәсіпкерлер онлайн бақылау касса машинасының фискалды чегінің орнына тауар чегін бере алады.

Еске сала кетейік, электр энергиясы болмағанда немесе
бақылау-касса машинасы бұзылғанда, сонымен қатар фискалды деректер операторы ұсынатын телекоммуникация жүйесі арқылы онлайн бақылау-касса машинасынан деректерді беру мүмкін болмағанда тауар чегі беріледі.