08.01.2022 _ 16:10

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі: Тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерді қолдау шаралары

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен микроқаржы ұйымдарының заңды және жеке тұлғалардың кредиттері бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептемейтінін хабарлайды.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі: Тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерді қолдау шаралары


Банктер және микроқаржы ұйымдары төтенше жағдай режимін енгізуден зардап шеккен азаматтарға және заңды тұлғаларға банктік қарыздар мен микрокредиттерді өтеу бойынша ақы төлеу мерзімін кейінге қалдырады.


Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп өңірлердегі ахуалдың тұрақтануына қарай банктердің және басқа қаржы ұйымдарының, сондай-ақ олардың бөлімшелері мен филиалдарының толыққанды жұмысын қалпына келтіру жөнінде жұмыс жүргізуде.