13.01.2022 _ 12:20

ҰҚСК Президент реформалары жоспарын қолдайды: қазіргі жағдайда Президентімізді қолдап, жанынан табылуымыз керек – М.Рожин

Ақпарат және коммуникация - өте маңызды мәселе. Біз соншалықты көп халық емеспіз. Құндылықтарымызды анықтау үшін осындай үлкен бағаны төлемеуіміз керек еді. Бұл бізге үлкен сабақ болуы керек. Жаңа Қазақстанға қадам басатын болсақ, оны жаңа құндылықтармен бастауымыз керек. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналист Максим Рожин осындай пікір білдірді.

 
Ол коммуникацияның қаншалықты маңызды екені осы күндері өте қатты көрінгенін атап өтті.  


«Коммуникацияға қатысты, соның ішінде мемлекет пен қоғам тарапынан әртүрлі талқылау алаңдарынан және зерттеу, соның ішінде әлеуметтік зерттеу алаңдарынан коммуникациямыздың сапасы  артуы керек. Мемлекет осы мәселеге көңіл бөліп, осы нүктелерді күшейтуі керек деп ойлаймын. Барлығымыз жоғары мінберден бірнеше рет атап көрсетілген құндылықтар айналасында топтасып, Президентіміз көрсетіп берген дәл қазіргі жағдайда жасайтын әрекеттерді қолдап, жанынан табылуымыз керек, өйткені бұл біздің болашақтағы жаңа Қазақстанды дамытуға қосқан нақты үлесіміз», - деді спикер.  


Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары Максим Споткай қиын-қыстау заманда бәріміз өзіміздің жалпыұлттық бірлігімізді көрсете алғанымызды атап өтті.  


«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл қадамдарын қолдап, бірлігімізді көрсеттік. Қазіргі кезде алдағы уақытта да осы бірлігімізді жоғалтпауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар дегеніміз не? Бұл ең алдымен тәуелсіздігіміз, бұл қоғамдық келісім, бақуатты қоғам құндылықтары, халықтың өмір сапасының жоғары деңгейі - бәріміз үшін өте маңызды мәселе және әділетті әлеуметтік жүйе негізінде бірігіп, осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс істеуіміз қажет. Базарда жұмыс істейтін, митингіге шыққан, партия, қоғамдық бірлестік мүшелері емес жастармен. Бұл да саяси жүйені реформалау процесіне қосатын үлес», - деді жас белсенді.