20.01.2022 _ 16:10

Құқық қорғау органдарымен және сотпен тәртіпсіздікке кінәлі деп танылған адамдарға қолдау шаралары көрсетілмейді - ҚНРДА

Нақты кімнің несиесін кешіру керегін қалай анықтайсыз? Марқұмдардың арасында содырлар мен террористер көп. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ҚНРДА қаржы қызметтері тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтен осы жайлы сұрады. Спикер шешімдердің жеке қабылданатынын атап өтті.

 
 


«Несиені кешіру немесе қосымша көмек көрсету бойынша барлық мәселелер жеке-жеке жүзеге асырылатын болады. Егер адам белсенді қатысып, құқық қорғау органдарымен және сотпен бұл тәртіпсіздіктерге кінәлі деп табылса, онда оған қолдау шаралары көрсетілмейді. Біз әскери қызметшілер мен ІІМ қызметкерлерінің тізімін пысықтадық, олар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен заңсыз іс-әрекеттерге қатыспаған азаматтық тұлғалар бойынша тізімдерді пысықтап жатырмыз. Олар бойынша әскери қызметшілер мен ішкі істер қызметкерлері үшін көзделген іс-шаралар жүргізіледі», - деді ведомство өкілі.