21.01.2022 _ 16:10

«Қазақстан халқына» қаражат аударған кәсіпкерлердің салық міндеттемелері төмендетіледі. «Жеңілдік» мөлшері талқылануда

Ынталандырудың жаңа нормалары. «Қазақстан халқына» қорына аударымдарды ынталандыру үшін Ұлттық экономика министрлігі алаңында бизнес субъектілері салық кодексіне «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына аударымдар не мүлік енгізу кезінде салық салынатын кірісті азайтуға құқық беру бөлігінде түзетулерді қарастырып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

«Азайту мөлшері әлі талқылануда. Екінші бөлім - аталған қор қаражатынан көрсетілетін көмек.  Салық заңнамасы тұрғысынан мұндай қаражат алушының табысымен қайтарымсыз алынған мүлік ретінде қаралады. Осылайша, қазір Салық кодексінің мұндай ережелері салық салудан босату пайдасына қайта қаралатын болады. Тағы бір мәселе - зардап шеккен бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу. Сонымен қатар, бұл мәселе Ұлттық экономика министрлігінің алаңында пысықталып, түзетулер әзірленуде», - деп атап өтті спикер.