22.01.2022 _ 11:40

Қорда 100 млрд теңге жиналады деп ойлаймыз - Болат Жәмішев «Қазақстан Халқына» ҚҚ түсімдер туралы

Қор қаражаты барлық проблемаларды шешуге жетпейді, сондықтан басымдықтарды айқындау қажет. Кеше Қамқоршылық кеңестің ұйымдастырушылық отырысы өтті. Қор қызметінің тұжырымдамасын әзірлеу, барлық тетіктерді пысықтау туралы шешім қабылданды. Соның негізінде, бюджет пен атқарушы органның штаты айқындалады. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың егжей-тегжейлі тоқталды. Ол қамқоршылар кеңесінің мүшелері ешқандай жалақы алмайтынын, олар қоғамдық негізде жұмыс істейтінін атап өтті.
иллюстративное фото с сайта inbusiness.kz


«Жұмыс тобы аясында қайырымдылық ұйымдарының өкілдерімен кездесулер, осы мәселелер талқыланды. Көптеген адамдар серіктестерді таңдауға өте мұқият қарау керек дейді, іс жүзінде тәжірибесі бар және беделі бар серіктестермен жұмыс істеу керек. Президент тікелей жүгінген жиналысқа қатысушылардың құрамына сүйене отырып, ірі және орта кәсіпорындарымыздың салық салынатын кіріс көлеміне қарай, қорда 100 миллиард жиналады деп ойлаймыз. Егер шамамен 150 млрд қаражат түссе, осы 100 млрд-қа бірінші кезектегі міндеттерді және 50 млрд-қа екінші деңгейдегі қосымша міндеттерді құруымыз керек. Қор қайырымдылық көмекке мұқтаж жекелеген адамдарға атаулы, сондай-ақ жүйелі деңгейде көмек көрсетуге. Мұны да жолға қоюымыз керек», - деді Қор басшысы.  


Ол бірнеше мысал келтіріп өтті – шалғайдағы гемодиализ кабинеттерін немесе талдауларды жинау жөніндегі зертханалар ашу немесе шетелге барудың орнына мұқтаж адамдар үшін тәжірибелі мамандарды елге шақыру.