25.01.2022 _ 13:40

Спортшылардың Олимпиадаға дайындалуы үшін Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған - МСМ

4-20 ақпан аралығында Бейжің қаласында ХХІV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Қазақстанның құрама командалары қарқынды дайындық үстінде. Ол үшін Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серик Жарасбаев мәлімдеді.

Қазақстандық спортшылар 8 спорт түрінен 87 лицензия жеңіп алды, барлығы 34 спортшы. Өңірлер бөлінісінде ең көп спортшы ШҚО-дан, Алматы - 8 спортшы. 


«Фристайл могулдан 6 спортшының бәрі ШҚО өкілі, ең басты үмітіміз осы спорт түрі. Бүгінде спортшылар бірнеше топқа бөлініп, дайындалып жатыр. Бірінші топ Еуропада, олардың сол жақтан тікелей Бейжіңге бару мәселесі қарастырылып жатыр. Шорт-трек пен коньки тебушілер Нұр-Сұлтан қаласында, фристайл, қысқы көп сайыстан спортшылар Алматыда Бабл жүйесімен дайындалуда. Спортшылардың барлығы коронавирусқа қарсы егілді. Ұлттық құрама команда 27 қаңтарда чатерлік рейспен Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға ұшады, сол жақтан басқа спортшылармен бірге Бейжің қаласына аттанады. Онда 4 күн карантинде болып, жарыстарға дайындала бастайды», - деді вице министр. 


Ведомство өкілі қазақстандықтарды жанкүйер болып, спортшыларымызды қолдауға шақырды