25.01.2022 _ 14:20

Qazaqstan. Жаңа орфографиядағы ел атауы команданың рухын көтереді - А. Крюков

Қытайдағы Олимпиада ойындарында команда мүшелері, тәжірибелі әрі талантты спортшылар Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова ту көтеріп шығады. Токио Олимпиадасындағыдай ашылу салтанатына бірегей костюмдер дайындалып жатыр. Атлеттердің жаңа форманы қалай қабылдағаны жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков айтып берді.
фото с сайта olympic.kz

«Тарихта алғаш рет қазақстандық команда ел атауы қазақ тілінде жаңа орфографияда: қазақ тілінде латын қарпімен жазылған киімде өнер көрсетеді. Ол үшін біз ХОК-тың арнайы рұқсатын алдық. Жазу еліміздің Мемлекеттік елтаңбасындағы жазуға ұқсас. Бұл өте жақсы фидбэк. Спортшылар да, спортқа немқұрайлы қарамайтын жандар да мұны өте жақсы қабылдады. Мамандардың пікірінше, бұл команданың рухын көтереді, олар мұны зор ықыласпен қабылдады», - деді спикер.