25.01.2022 _ 17:40

Медицина қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша денсаулық жағдайына байланысты бірқатар күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту мәселелері қарастырылуда – ІІМ

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған барлық адамдар дене жарақаттарының болуына медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін ғана, оларды алу мән-жайлары анықтала отырып, уақытша ұстау абақтысына қамалады, себебі кейбіреулері тәртіпсіздік орнынан тікелей медициналық мекемелерге жеткізілді. Сонымен қатар, олардың кейбіреулеріне қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту қарастырылуда.

«Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша денсаулық жағдайына байланысты бірқатар күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту мәселелері қарастырылуда. Бүгінге осы негіздер бойынша және жеке басын ескере отырып бірқатар күдіктілер күзеттен босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды», - деп баяндады спикер.