25.01.2022 _ 16:10

Карантинді жеңілдету. Мемлекет басшысының тапсырмаларын кәсіпкерлік сектор жақсы қабылдады – ҰКП

Ұлттық палата мүшелері денсаулық сақтау министрлігімен шектеу шараларын жеңілдету бойынша тығыз жұмыс істеді. Ең маңызды ақпарат – бизнес нысандарының жұмыс істеу уақытына шектеу қойылмауы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтып берді.

«Біз пандемияның шектеулі шаралары кәсіпорындардың әл-ауқатына айтарлықтай әсер еткенін түсінеміз. Кәсіпкерлер туралы айтқанда, бірінші кезекте бұл бизнесмендердің қызметкерлері, бұл олардың отбасылары, біздің отандастарымыздың жетістігі. Кәсіпкерлердің 61% - ға жуығы айтарлықтай шығынға ұшырады, толық жабылғандары да бар. Біз денсаулық сақтау министрлігімен одан әрі жеңілдету шараларын пысықтауды жалғастырамыз. Әлемдік тәжірибеде аурушаңдықтың өсуі бойынша көрсеткіштердің жоғары болғанына қарамастан, шектеу шаралары бүкіл әлемде қысқартылып жатқанын білемз. Біздің де осы бағытты ұстанатынымыз қуантады. Бұл ретте нысандардың барлық түрлерінде көк мәртебесі бар азаматтарды шектемеу үшін жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмалары кәсіпкерлік сектор тарапынан өте жылы қабылданды», - деді ҰКП өкілі. 


Бизнестің тағы бір ұсынысы - шешім қабылдауды орталықтандыру, жағдайды бақылау ыңғайлы болуы үшін бас дәрігердің қаулыларын ғана қалдыру, өңірлік шектеулермен шектемеу.