02.02.2022 _ 11:40

БҒМ қазақстандық жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингін қорытындылады

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингін қорытындылады. Зерттеуді ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүргізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова хабарлады. Білім беру бағдарламалары үш блокқа біріктірілген 19 критерий бойынша бағаланды: түлектердің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері.


«2021 жылдың қорытындысы бойынша, университеттердің білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігі бойынша жұмыс берушілердің қанағаттану көрсеткіші 55% құрады. Төрт жыл бұрын бұл көрсеткіш 27% болған. Динамика 28%. Қанағаттану деңгейінің өсті. Бұл жақсы көрсеткіш! Білім беру бағдарламаларының 85% жұмыс берушілермен келісілген және оқу процесіне тәжірибелі мамандар оқытушы ретінде тартылуда. Ол үшін министрлік қажетті жағдай жасап, нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Ал жеке білім беру бағдарламаларына тартылған тәжірибелі мамандардың үлесі 75% жеткен. Білім беру бағдарламаларының 88% танылған агенттіктерде аккредиттелген, бұл да олардың сапасының жақсарғанын растайды. Екінші. Жұмыспен қамту. Өткен жылмен салыстырғанда тұрақты жұмысқа орналасқан түлектер саны 12%-ға өскен. Түлектердің жұмысқа орналасуының орташа көрсеткіші 77%. Ал жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы 89 күн, яғни 3 айға дейін. Сұранысқа ие білім беру бағдарламалары үшін тіпті бір ай болып отыр», - деді ведомство өкілі.