02.02.2022 _ 12:00

Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау рейтингісі аясында 2000 білім беру бағдарламасы бағаланды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау рейтингісін төртінші жыл қатарынан жасап келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мәлімдеді.
Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау рейтингісі аясында 2000 білім беру бағдарламасы бағаланды

«Рейтинг аясында 2000 білім беру бағдарламасы бағаланды, 73 071 түлектің жұмысқа орналасуы талданды, Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам салалық сарапшы тартылып, нәтижесінде 105 жоғары оқу орны бойынша 2 мың сараптамалық қорытынды жасалды. Рейтинг 19 критерий бойынша жүргізілді, оның ішінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі мен орташа жалақысы, жұмыс іздеу ұзақтығы мен бағдарламалардың өзектілігі бағаланды», - деді спикер.