03.02.2022 _ 15:50

«Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тасжолына қайта салуға шамамен 9,5 млрд теңге қажет – Қ.Өскенбаев

Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тасжолын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқандығына 5 жылдай болды. Бірақ қаржы тапшылығына байланысты бітпей жатыр. Биыл 8 млрд теңгенің орнына республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді. Бұл жол қашан бітеді? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрімен кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов осындай сұрақ қойды.

«Мердігерлер жақсы істеп жатыр. Шамамен 9,5 млрд теңге қажет. Наурыз айында бюджетке түзету жасаған кезде, бюджетті жоспарлағанда осындай ұсынысымызды енгіземіз. Егер үкімет қолдап, қаржы бөлетін болса, оны толығымен сол жобаға жұмсаймыз. Сол кезде жолды қайта салу мерзімін нақты айта аламыз», - деді Қайырбек Өскенбаев.