Екі тәулік ішінде еліміздің көптеген ірі қалаларында, әсіресе Алматыда тәртіпсіздіктер орын алып, мемлекеттік мекемелер мен полиция ғимараттарына шабуыл жасалды. Осы шабуылдарға тойтарыс беру барысында және қақтығыстарда полиция қызметкерлері де, әскери қызметшілер де, шабуылдаушылар да дене жарақатын алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта tengrinews.kz
«Тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың 19 қызметкері, сондай-ақ әскери қызметшілер қаза тапты, олардың 3 мыңнан астамы дене жарақатын алды. Бұл ретте 40 адам оқ жарақатын, 13-і пышақ, 170-тен астамы басқа да ауыр жарақаттар алды. Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар да бар екені белгілі, бірақ бұл жаппай тәртіпсіздіктердің нәтижесі болып табылады және әрбір қаза тапқан адам бойынша қазір объективті тергеу жүргізілуде», - деп атап өтті полковник.