04.02.2022 _ 19:50

Тергеудің заңсыз әдістері туралы барлық шағымдарды прокурорлармен бірге ІІМ ішкі қауіпсіздік бөлімшелері де мұқият тексереді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.

«Тергеудің заңсыз әдістері туралы ақпаратқа қатысты Бас прокуратураның өкілімен әрбір шағым бойынша егжей-тегжейлі талқылау жүргізіліп, бірқатар қылмыстық істер басталғанын айта аламын. Сондай-ақ, қазіргі кезде қылмыстық істер бойынша барлық адамдар тергеу органдарына ресми түрде, қалаған жағдайда адвокаттарымен бірге шақырылады», - деді ІІМ өкілі.  


Осы мүмкіндікті пайдаланып, ол тағы да арандатушылыққа бой алдырмауға және жалған ақпарат таратпауға, тек ресми дереккөздерге сенуге және тергеу нәтижелерін күтуге шақырды. ІІМ елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау бойынша барлық күш-жігерін жұмсайды.