04.02.2022 _ 19:03

Тергеу-жедел топтарының өндірісінде қаңтар оқиғалары кезеңінде жасалған 2 750 қылмыстық іс бар – Бас прокуратура

4 ақпандағы жағдай бойынша тергеу-жедел топтарының өндірісінде 2750 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

«Қамауға алынғандардың 113-ші бұрын сотты болған (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін) және радикалды діни ағымдардың жақтаушылары. 91 адамға қоғамнан қатаң оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды», - деп атап өтті спикер.