04.02.2022 _ 19:05

ҚР Бас прокуратурасы: қадағалау тәртібінде уақытша ұстау изоляторларынан 103 азамат босатылды

Күдіктілерді қамауға алу мәселесін қарастыру кезінде олардың әр қайсысының іс әрекеті, жеке басы, кінәсін мойындауы және тергеуге көмек көрсетуі ескеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

«Мысалы, прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды. Соттар да 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Сонымен қатар, бұрын қамауға алынғандардың бұлтартпау шараларын жеңілдетудеміз. Мысалы, прокурорлар Алматы қаласында 59, Қызылорда облысында 3 және Шығыс Қазақстанда 1 адамды қамаудан босатты, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сол сияқты қызылордалық прокурорлардың талабы бойынша сот санкциясымен 3 адам үйқамаққа жіберілді»,- деді Қилымжанов.