04.02.2022 _ 19:10

Қаңтар оқиғаларының барлық жағдайларын тергеу белгілі бір уақытты алады, объективті бағалау үшін 1 300 астам сот сараптамасы тағайындалды

Құқық қорғау органдары қаңтардағы оқиғалардың барлық мән-жайларын анықтау үшін көп уақытты талап ететін үлкен жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнде 1 300 астам медициналық, баллистикалық және басқа сот-сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

«Тергеушілер 1 500 жуық оқиға болған орындарды қарап шықты, 10 000 астам тергеу амалдары жүргізілді. 1 279 тұлға жәбірленуші болып танылды. Атқарылатын жұмыс ауқымы өте көп, сол үшін тергеу нәтижелерін күтіп, сабыр сақтау қажет. Тергеу амалдарының, сараптамалардың нәтижелері негізінде ғана әр күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Ал түпкілікті, яғни, кінәнің бар-жоғы, жазаның мөлшері туралы шешімді тек сот қабылдайды. Сондықтан азаматтардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, тек ресми мәліметтерге сенуге және жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын»,- деді прокурор қазақстандықтарға қаратып айтқан сөзінде.