07.02.2022 _ 17:55

Қаңтар оқиғаларының себептері мен салдарын тергеу барысында саяси экстремизмнің айқын белгілері анықталды

Қаңтар трагедиясында саяси экстремизмнің айқын белгілері анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, кейбір «қоғам» және «азаматтық белсенділер» деп саналатындар да наразылықтардың бастапқы кезеңін пайдаланып, тізгінді өздеру алуға тырысқан.  


«Тыйым салынған «ҚДТ/Көше» атты экстремистік ұйымының мүшелері жаппай тәртіпсіздіктерге белсене итермелеген. Жалпы ұсталғандар арасында 35 тыйым салынған экстремистік ағымдардың мүшелері анықталды. Мысалы, Алматыда қылмыстық бағыттағы деструктивті діни ағымның бір топ мүшелері ұсталды. Оларды ұстау кезінде қолдануға дайын болған қару-жарақ тәркіленді. Олар өз тобының әрекеттерін үйлестіріп отырған. Бұл ретте олардың бір бөлігі алаңда жүрсе, екіншісі қаланың төменгі жағында баррикадаларда болған», - деді спикер.