07.02.2022 _ 18:30

ІІМ жеке құрамы ерекше режим жағдайында қызмет атқаруды жалғастырады

Қазіргі уақытта министрлік елдегі жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде.
ІІМ жеке құрамы ерекше режим жағдайында қызмет атқаруды жалғастырады


Жеке құрам ерекше режим жағдайында қызмет атқаруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады. 


Еліміздің барлық өңірлерінде ІІО-ның 17 мыңнан астам қызметкері мен әскери қызметшілері жұмылдырылған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.  

«Іс-шара аясында тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қаруларды анықтау  мақсатында аулаларды аралау, жалдамалы пәтерлерді фермерлік шаруашылықтарды және өзге де объектілерді тексеру қамтамасыз етіледі. 9 блок-бекет жұмыс істеп тұр, оларға 200 қызметкер тартылған, 6 «Рубеж» бекеті. Олар өтіп бара жатқан автокөлікте тыйым салынған және ұрланған заттардың бар-жоғына тексеру жүргізеді», - деді спикер.