07.02.2022 _ 18:40

ІІМ: қамауға алынған адамдарды ұстау шарттары мен құқықтарының сақталуына тәуелсіз мониторинг қамтамасыз етіледі

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану және билікті асыра пайдалану бойынша әрбір шағым бойынша ІІМ жеке қауіпсіздік қызметі мен арнайы прокурорлар тексеру жүргізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта inbusiness.kz

«Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссиялары өкілдерінің барлық арнайы мекемелерге кедергісіз қолжетімділігі бар. Сондай-ақ, заңдылықтың қамтамасыз етілуін тұрақты қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады», - деп түсіндірді спикер.