09.02.2022 _ 11:30

«Банкроттық туралы» заң жобасы: халықаралық тәжірибені ескере отырып, қарыздың сомасы мен ұзақтығына байланысты банкроттық рәсімнің 3 түрін енгізу ұсыналады

Бүгінде азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған. Оның әр түрлі себептері бар: экономикалық құлдырау аясында әл-ауқат деңгейінің төмендеуі, карантиндік шараларының енгізілуі. Несие бюросының ақпаратына сәйкес, бүгінде 1 миллионнан астам азамат коммуналдық және салықтық төлемдер бойынша несиелерді өтеу мерзімдерін бұзуға жол берген. Жаңа заң адал қарыз алушыларға көмектесе алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев айтып берді.

«Мемлекет басшысының биылғы 5 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін министрлік жеке тұлғалардың банкроттығы институтын енгізу бойынша жұмысты қайта бастады, халықаралық тәжірибені ескере отырып, қарыз сомасы мен ұзақтығына байланысты рәсімдердің 3 түрі ұсынылады. Бірінші, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру - тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды төлеуге 5 жылға дейін бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және 5 млн теңгеден асатын берешек кезінде сот органдарымен бекітіледі. Ол үшін екі тараптың - борышкер мен кредитордың келісімі қажет. Жоспарда көзделмеген жағдайлардың барлығы, мысалы, мүлікті сату, қолданылмайды. Екінші. Тұрақты табыс пен берешекті өтеу бойынша перспективалар болмаған жағдайда, банкроттықты екі түрде қолдану ұсынылады: Біріншісі - соттан тыс банкроттық.  Оны үш жағдайда қолдануға болады: банктер мен микроқаржылық ұйымдар алдында 5 жылдан астам мерзімі өткен азаматтар; азаматтар, егер қарыз 12 ай ішінде өтелмеген болса, қарыз сомасы 300 мың теңгеден аспауы керек және қарызды өтеуге болатын мүлік жоқ; сондай - ақ, 5 млн теңгеге дейінгі қарызы 6 ай ішінде өтелмеген азаматтар банкроттық рәсімін бастай алады», - деп түсіндірді спикер.  


Соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішті азамат «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы береді. Сондай-ақ, «Е-салық азамат» қосымшасы арқылы құжаттарды тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.  


Құжаттарды қабылдағаннан кейін талаптарға сәйкестігіне (мүліктің болмауы, мерзімін өткізіп алу мерзімдеріне сәйкестігі және басқалары) автоматтандырылған тексеру жүргізілетін болады.