09.02.2022 _ 12:10

Конструктивті ұсыныстарды қарауға дайын

2022 жылғы 20 қаңтарда Қаржы министрлігі жанынан Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Олар «Банкроттық туралы» заң жобасымен жұмыс істейді.
Конструктивті ұсыныстарды қарауға дайын

ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, 1 ақпанда Заң тұжырымдамасы мен Заң жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында орналастырылды; 3 ақпанда Тұжырымдама мен Заң жобасы Қоғамдық және Сараптамалық кеңестердің мүшелеріне жолданды; 4 ақпанда Заң жобасына Тұжырымдама заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралды. 


Спикер әзірленіп жатқан заң жобасының маңыздылығын ескере отырып, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті барлық конструктивті ұсыныстарды қарауға дайын екенін жеткізді.