16.02.2022 _ 19:45

Құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне қатысты өтініштерді тексеруге ерекше көңіл бөлінуде

Қазіргі уақытта прокуратураға осындай 363 шағым түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы 178 қылмыстық іс бар. Арнайы прокурорлармен 8 қылмыстық іс өндіріске алынды. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.

«Оның ішінде Атырау қаласындағы «Динамо» стадионында ұсталғандармен болған оқиға, Алматы облысының полиция ғимаратында Батырбаевтың, кәмелет жасқа толмаған Есболатұлының және басқаларының күш қолдану туралы арыздары, сондай-ақ өзге де қоғамдық резонанс тудырған фактілер. Әрбір қылмыстық іс бақылауда. Нақты нұсқаулар берілді. Процесс прокурорлары тағайындалды. Прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлесе заңдылықтың және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды сақтай отырып, орын алған жағдайдың мән-жайларын анықтау, жазаның бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда», - деп түйіндеді қадағалаушы орган өкілі.