16.02.2022 _ 19:50

Заң бойынша. Ұстау және бұлтартпау шарасын таңдау туралы барлық шешімдер міндетті түрде прокуратурамен және сот санкциясымен келісе отырып қабылданады - ІІМ

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2565 қылмыстық іс бар, олар бойынша 271 адам күзетпен ұсталуда. Ұстау және бұлтартпау шарасын таңдау туралы барлық шешімдер қылмыстық-процестік заң талаптарына қатаң сәйкес әрі міндетті түрде прокуратурамен келісу бойынша және сот санкциясымен қабылдануда. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.


Ұсталған адамдарға қатысты заңсыз іс-әрекеттер туралы әрбір өтініш бойынша Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті тексеру жүргізеді.  

«Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қызметкерлерінің билікті асыра пайдаланғаны туралы 59 өтініш қаралды. Олар бойынша қылмыстық істер қозғалып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді. 18 өтініш бойынша азаматтардан түсінік алып, бейнежазбаларды зерттей отырып, мұқият қызметтік тексеру жүргізілді, билікті асыра қолдану фактілері расталған жоқ», - деді спикер.