16.02.2022 _ 19:55

Тергеу изоляторларына түсетін адамдар міндетті түрде медициналық қараудан өтеді. Дене жарақаттары анықталған жағдайда бейнетүсірілім жасалады – ҚР ІІМ

Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері барлық арнайы мекемелерге кедергісіз кірді. Мекемелердің барлық тұрғын, коммуналдық-тұрмыстық үй-жайлары қоғамдық өкілдердің қатысуымен комиссиялық тексерістен өткізілуде. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.


 
Тергеу изоляторларына түсетін адамдар міндетті түрде медициналық қараудан өтеді. 


«Дене жарақаттары анықталған жағдайда бейнетүсірілім жасалып жедел медициналық көмек көрсетіледі. Ондай әрбір факті туралы прокуратура органдарына хабарланады. Мекеме жағдайында білікті медициналық көмек көрсету мүмкін болмағанда олар азаматтық денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізіледі және арнайы күзетілетін палаталарда ем қабылдайды. Барлық тергеу әрекеттері арнайы жабдықталған бейнебақылау камералары орнатылған үй-жайларда жүргізіледі», - деп атап өтті министрлік өкілі.